Түзету 2008 жылғы мемлекеттік бюджет табыстарын бұрын бекітілгеннен 41,8 пайызға - 10 млрд 484 млн манатқа дейін ($12,6 млрд), ал шығыстарды 29,8 пайызға, 11 млрд 60,6 млн манатқа дейін ($13,3 млрд) ұлғайтуды қарастырады. Түзету нәтижесінде мемлекеттік бюджет дефициті 576,6 млн манатқа ($695 млн), немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 1,8% дейін азаяды.
Әзербайжанның қаржы министрі Самир Шарифов хабарлағандай, 2008 жылға арналған мемлекеттік бюджет мұнайдың барреліне 70 АҚШ доллары негізінде дайындалған.
"Алғашында 2008 жылдың мемлекеттік бюджеті мұнайдың барреліне 50 доллар бойынша есептелген. Бұл үкіметтің консервативтік көзқарасының көрінісі. Ал қазір әлемдік нарықта мұнай бағасы барреліне 100 доллардан әлдеқайда асып кетті. Сол себепті, үкімет мұнай бағасы бойынша болжамды қайта қарастыру жөнінде шешім шығарды", - деді С. Шарифов.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің қосымша табыстары Салық министрлігінің салық жинау жоспарының, Мемлекеттік кеден комитетінің кедендік баж салығын жинау жоспарының, Мемлекеттік мұнай қорының трансферттерінің және бюджеттен тыс қорлары бар мемлекеттік кәсіпорындардың қосымша табыстарының ұлғаюы есебінен құралады.
$1 = 0,829 манат.