"Жаңадан құрылған парламенттік жұмыс тобы ақпан айының басында осы мәселені талқылау үшін республиканың Қаржы министрлігінің және министрлер кабинетінің өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесу мақсаты - салымдар бойынша индексациялауды жүргізу, оны жүргізу механизмін және тиісті заң жобасының дайындық жұмыстарын жасап шығару", - деді З. Самедзаде.
Парламенттік жұмыс тобы өткен жылдың желтоқсан айында индексациялауды жүргізу үшін заңнамалық негіздемені дайындауды жылдамдату үшін құрылған болатын.
Әзербайжан үкіметі бұған дейін жалпы көлемі 600 млн АҚШ долларын жұмсап, халықтың кеңес дәуіріндегі салымдарын индексациялауды 2006 жылы бастап, 2014 жылы аяқтауды көздеген болатын. 2006 жылдың мемлекеттік бюджетінде кеңестік салымдарды индексациялау үшін 50 млн манат бөлінген. Алайда, бұл жұмысты жүргізу тетіктерінің болмауына байланысты қаражат игерілмей қалған. Индексациялау процессі Әзербайжанның 2 млн азаматын қамтиды деп болжанып отыр.