Онда республика президентін, парламент пен муниципалдық органдарға сайлау науқанын жүргізу уақытын 120 -дан 75 күнге дейін қысқарту қарастырылған. Сондай-ақ, республика президенттігіне үміткерлерді тіркеу үшін қажетті сайлаушылар қолы 50 мыңнан 40 мыңға дейін азайтылды.
Сонымен қатар, өзгертулерге сәйкес президенттікке үміткерлердің сайлау қоры 10 млн манатқа ($12,19 млн, $1 = 0,8201 манат) дейін ұлғайтылды, ал депутаттықтан үміткерлердің қоры 500 мың манатқа дейін көтерілді ($609,7 мың).
Өзгертулерге сәйкес, қоғамдық телерадиокомпаниялардан басқа мемлекеттік телерадиокомпанияларда сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізуге болмайды. Телевидение мен радио ақылы өткізілетін үгіт-насихат науқаны "Жарнама туралы" заңға сәйкес жүргізіледі
Өзгертулерге дауыс бергендер арасында біреуі "қалыс қалып", үшеу "қарсы болып", жүзі "қолдады".
Әзербайжанның сайлау кодексі ел парламентінде 2003 жылы қабылданды.