16-тамызда Баку қаласында грант белгілеу туралы келісімге қол қойылған. Грант қаражаты көмірсутегіні Орта Азиядан Әзербайжан арқылы Еуропаға тасымалдау үшін Транскаспий газ құбырын және мұнай құбырын салудың техникалық және қаржылық мәселелерін бағалауға жұмсалатын болады.
Алғашқы құбыр желісі Баку - Тбилиси - Жейхан құбыр желісі арқылы Қазақстан мұнайын әлем нарығына тасымалдауға арналған. Ал, екіншісі Қазақстаннан және аймақтың басқа да елдерінен табиғи газды Еуропаға тасымалдауға арналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті