Әзербайжан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

"Сіздің бірізді әрі көреген саясатыңыздың арқасында Қазақстан мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуда, қоғам өмірінің барлық салаларында демократиялық реформалар жасауда, халықаралық сахнада республиканың беделі мен позициясын нығайтуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді",- делінген жеделхатта.

Әзербайжан президенті Қазақстан жетекшісінің екі ел арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды дамыта нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
"Мемлекетаралық қарым-қатынастар аясын кеңейтуге бағытталған біздің талпыныстарымыз бен ауқымды трансұлттық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған етене жақын ынтымақтастығымыз, аймақтық және халықаралық құрылымдарда бір-бірімізге көрсететін қолдау-көмегіміз екі ел халқының әл-ауқатын одан әрі көтеруге, аймақтағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен ілгерілеушілік істеріне бұдан былай да түрткі болады деп сенемін",- деп атап өткен Әжербайжан президенті Н.Назарбаев пен оның отбасына зор денсаулық және бақыт тіледі.