Әзербайжан президенті Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

"Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастардың саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салаларда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастық та екі ел арасындағы байланысты кеңейтуге үлес қосатынын атап көрсетті", -деп хабарлайды әкімшілік.

Сондай-ақ, Қ. Тоқаевтың осы жолғы Әзербайжанға сапары Әзербайжан-Қазақстан қарым-қатынасын нығайтуға қызмет ететіндігіне сенімділік айтылды.

Айта кету керек, Қазақстан парламенті сенатының спикері Бакуге Әзербайжан парламенті - милли меджилистің 90 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін келген, бұл салтанат бүгін өтеді. Шараға 200 жуық шетелдік қонақтар, соның ішінде түрлі елдер парламенттерінің жетекшілері қатысады.