Әзербайжан президенті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшысын қабылдады

Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызына тоқталған Әзербайжан президенті екі елдің шекара қызметтері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттігін атай отырып, бұл әріптестік аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қызмет ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Б.Зәкиев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ықпалдастықтың шекара қызметінен бастап барлық салада табысты дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің шекара қызметтері контрабандамен күрес, түрлі зілзала кезіндегі құтқару шаралары сынды көптеген салаларда табысты ынтымақтасып келеді. Ол осынау әріптестік байланыстың екі ел арасындағы қарым-қатынас рухына сай дами түсетініне сенім білдірді.