Әзербайжан- Қазақстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысы Астанада 23 сәуірде өткізіледі

Г. Бабаевтың сөздері бойынша, Әзербайжанның үкімет делегациясын экономиканың даму министрі өзі басқарып, бүгін Астана бағытында жолға шықты.

"Біздің Қазақстанға бару сапарымыздың мақсаты әзербайжан-қазақстан үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына қатысу болып табылады. Бас қосу кезінде Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, оның ішінде Ақтауда Әзербайжан тауарларын сақтайтын қойма құрылысы да талқыланады", -деді министр.

Сонымен қатар Г. Бабаев атап өткеніндей, күн тәртібінде Әзербайжанға бидай жеткізу жөніндегі қазақ кәсіпкерлерінің бірқатар келісім шарттарын орындау, көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Екі жақ "Әзербайжан әуе желілері" ЖАҚ ұшу рейстерін Қазақстанда ұйымдастыру жөнінде мәселелері қарастырылады.

Әзербайжан жағынан үкіметаралық комиссия құрамына сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, энергетика және өндіріс министрінің орынбасары Гюльмамед Джавадов, қаржы министрінің орынбасары Азер Байрамов, көлік министрінің орынбасары Муса Панахов, ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Бахман Алиев, білім беру министрінің орынбасары Эльмар Гасымов, мәдениет және туризм министрінің орынбасары Теймур Мехтиев, мемлекеттік кеден комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сафар Мехтиев, стандарттау, метрология және патент жөніндегі мемлекеттік агенттігінің бас директоры Рамиз Гасанов, мемлекеттік мұнай компаниясының вице-президенті Эльшад Насиров және "Әзербайжан әуе желілері" ЖАҚ бас директорының орынбасары Сабир Ильясов кірді.