Әзербайжан Қазақстан, Тәжікстан және Иран мемлекеттерімен арадағы бірқатар келісімдерді ратификациялады

Атап айтқанда, Әзірбайжан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы "Қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарын өндірістік және ғылыми техникалық салаларда ұжымдастыру туралы" келісім, Әзербайжан мен Қазақстанның бірлескен мәлімдемесі және екі елдің арасындағы "Қамауға алу туралы шешім шығарылған тұлғаларды экстрадициялау туралы" келісім-шартқа енгізілетін түзетулер ратификацияланды.

Сонымен қатар, осы отырыс аясында милли меджлис бірнеше екі жақты келісім құжаттарын ратификациялады. Оның ішінде, Әзербайжан мен Тәжікстанның бірлескен мәлімдемесі кіретін екі елдің келісімі, сондай-ақ, "Қосарланған салықты болдырмау және кіріс пен мүлікке салынатын салықтан жалтарудың жолын кесу туралы", "Еркін сауда туралы" келісімдер бар.

Милли меджлистің баспасөз қызметі хабарлағандай, парламент депутаттары мұнымен қоса бірнеше Әзербайжан-Иран құжаттарын ратификациялаған. Олар: бірлескен мәлімдеме, "Жульфа (Әзербайжан) және Жульфа (Иран) арасында жаңа автомобиль көпірін салу туралы", "Шекаралық "Шахтахты" және "Полдест" бақылау өткізу пункттеріне халықаралық мәртебе беру туралы" келісімдер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті