Әзербайжан Республикасының үкіметі Каспийдің әзербайжандық секторындағы қорды зерделеуге қатысты іс-әрекеттің 2007 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті

"Мұндай бағдарламаны жүзеге асырудың қажеттілігі Оңтүстік-Каспий шұңқырының минералдық ресурстарға бай ерекшелігіне негізделеді. Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру 20-30 шақырым тереңдіктегі қорды алуға мүмкіндік беретін геологиялық модель құруға мүмкіндік береді",- деп атап өтті үкіметтегілер.

Іс-әрекет жоспары үш бағыттан тұрады: Оңтүстік-Каспий шұңқырының жаңа геологиялық-геофизикалық моделін әзірлеу; көмірсутектік қорды бағалау және геодинамикалық зерттеулер мен мониторинг жүргізу.

Оңтүстік-Каспий шұңқырының жаңа геологиялық-геофизикалық моделін әзірлеу 2007-2011 жылдар аралығында сейсмотектоникалық және сейсмикалық аудандардың картасын құру, мұнайгаз тереңдігінің критерияларын анықтаумен қоса 19 түрлі шаралар қарастырылған.

Қорды бағалау алты шарадан тұрады, және де жұмыстың бұл бөлігі 2011-2013 жылдар аралығында жүргізіледі. Оның аясында мұнайгаз жүйесін жіктеу , қорларды алғашқы бөлуді, сонымен қатар олардың ортақ көлемін зерделеу, қорлардың жіктелімін анықтау жоспарлануда.

Геодинамикалық зерттеу мен мониторинг 2007 - 2014 жылдарға қарастырылған 27 шарадан тұрады. Атап айтқанда, бұл бағыт сейсмологиялық станцияларды модернизациялаудан, Әзербайжандағы геодинамикалық зерттеу желісін жетілдіруден, сегіз геодинамикалық полигон құрудан тұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті