Әзербайжанда 4,5 балл жер сілкінісі болды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Әзербайжанның Ғылым академиясының жанындағы Сейсмологиялық қызмет орталығының қызметкерінің хабарлауынша, жер асты дүмпуі кеше жергілікті уақытпен 22 сағат шамасында (мәскеу уақыты бойынша - 21.00) тіркелген. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Жер сілкінісінің кіндігі Карабах аймағында орналасқан Тертер ауданы орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 23 шақырымда болған. Дүмпу басқа да бірқатар елді мекендерде сезілген. Атап айтқанда, Азербайжанның Гяндже қаласында оның күші үш балды құраған",- деп айтылған мәтінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті