Оның айтуынша, "қазіргі уақытта кореялық Dong Sang Engineering компаниясымен бірлесе отырып Баку айлағы арқылы "Баил" және "Зых" ауылдарының арасын жалғайтын көпірдің жобасы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр".
"Бұл өте қызықты жоба. Жартылай вантты, жартылай тіреулерге сүйенетін көпір сыйымдылығы 40 мың тоннаға дейін жететін кемелерді өткізуге қауқары жетеді", - деп түсіндірді М. Панахов.
"Кореялық компания бізге көпір салудың 3 нұсқасын ұсынып отыр. Желтоқсан айының ортасына қарай біз ең оңтайлы нұсқаны таңдамақпыз", - деп сөзін жалғастырды министр орынбасары.
М. Панаховтың хабарлағандай, "жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасау үшін Көлік министрлігі Кореяның халықаралық ынтымақтастық жөніндегі агенттігінің грантын тартуды жоспарлап отыр. Олармен тиісті келіссөздер жүргізілуде".
Көпірді жобалау және салу жұмыстары 6 жылды қамтиды. Ал ол 2013 жылға дейін дайын болу үшін құрылысты келер жылдың аяғына дейін бастап кету жоспарланып отыр.
Корея тарапы көпірді пайдалану құқығын 25-30 жылға алмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті