Әзербайжанда Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын тарта бастаудың 1 жылдығына арналған шаралар өтеді

Салтанатты шараға Әзербайжан премьер-министрі Ильхам Әлиев пен басқа да үкімет мүшелері, шетелдік мұнай компаниялары мен елшіліктердің, Баку-Жейхан жобасына қатысушы елдердің өкілдері қатысады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2002-жылдың 18-қыркүйегінде Сангачал мұнай терминалында Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбыры құрылысының іргетасы қаланған болатын.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Әзербайжан мұнайын Түркияның Жейхан айлағынан экспорттай бастау 2005-жылдың 2-тоқсанына белгіленген.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP - 30,1%, ГНКАР - 25%, Unocal - 8,90%, Statoil - 8,71%, TPAO - 6,53%, ENI - 5%, Itochu - 3,40%, ConocoPhillips - 2,50%, INPEX - 2,5%, TotalFinaElf - 5% және Amerada Hess - 2,36%.