Caravan Logo

Әзербайжанда баланы ұруға ресми түрде тыйым салынды

Әзербайжанда баланы ұруға ресми түрде тыйым салынды

Бұл туралы ел парламенті арнайы “Балаларды физикалық жазадан қорғау” атты заң қабылдаған. Бұл заңның пайда болуына байланысты Қылмыстық және әкімшілік кодекстерге де өзгерістер енгізілмек.

Жаңа заңда балаларды отбасында, балалар үйінде, балабақшада, мектептерде ұрып-соғу жазасынан қорғау туралы айтылған. Осы арқылы мемлекет балаға жасалатын барлық дене жарақаттарын салуы мүмкін жазаның алдын алмақ.


Ал балаларын ұрып-соққан ата-аналарға айыппұл салынып, тіпті қамауға да алынбақ.