Әзербайжанда президент сайлауының кампаниясы басталды

29 шілде күні ресми баспасөзде ел президентін сайлауға дайындық және сайлауды өткізу бойынша негізгі іс-әрекеттер мен шаралар жөнінде ӘР ОСК күнтізбелік жоспары жарияланды.

Процедураға сәйкес, президенттікке үміткерді тіркеу үшін құжат қабылдау 11 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Президенттікке кандидаттардың қорытынды тізімі 2008 жылдың 20 қыркүйегіне дейін жарияануы тиіс. Ал үгіт-насихат жұмыстары 17 қыркүйекте басталып, 14 қазанда аяқталады.

15 қазанда болатын сайлау күні сайлау бөлімшелері 8.00-де ашылып, 19.00-де жабылады.