Әзербайжанда шекара қызметкері минаға түсіп қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Әзербайжан МШҚ аса жедел әскери қызметінің әскери қызметшісі, кіші сержант Назарханлы Эльгюн Эльхан оглу 30 қыркүйекте сағат 15:00-де Зангилан ауданы аумағында қызметін атқару барысында жаяу әскерге қарсы минаны басып жарылып, жарақат алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әскери қызметші тікұшақпен Физулин ауданы Ахмедбейли ауылында әскери госпитальге жеткізілді. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

Әзербайжан Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, 2020 жылдың 10 қарашасында Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыстан кейін мина жарылысынан 23 адам қаза тауып, 36 азаматтық тұлға жарақат алған.