Әзербайжанда сұйытылған газ өндіру біржола тоқтатылды

"Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы мұнай өңдеу зауытында катализдік крекинг қондырғысына жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жүргізіле бастауға байланысты Әзербайжанда сұйытылған газ өндіру біржола тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары осы қондырғыда апат шығуына байланысты басталған. Апаттың себептерін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр, қондырғының ішіндегі температура ол үшін төмендеуі керек", -деп хабарлайды Мемлекетттік мұнай компаниясындағы ақпарат көзі.

Әзербайжанның сұйытылған газға ішкі сұранысы жылына 120 мың тоннаны құрайды, ал Баку мұнай өңдеу зауыты жылына 200 мың тоннаға дейін газ өндіре алады. 2006 жылы елде 148 мың тонна сұйытылған газ өндірілген, бұл 2005-жылғы көрсеткіштен 11,5% артық.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті