Әзербайжанда Тәжікстан елшілігінің және жеті жылдық үзілістен кейін Түркменстан елшілігінің қызметі басталады

Кездесу кезінде екі жақтың саяси, экономикалық және тағы да басқа салалары бойынша байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерінің бары айтылып, қарым қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірілді.

Түркменстан елшілігі Әзербайжандағы қызметін жеті жылдық үзілістен кейін жалғастырды. Оның алдындағы елші Каспий теңізі орталығындағы жер қойнауына қатысты (Кяпяз, Азери және Чираг) Әзербайжан мен Түркменстан арасында туындаған дауға байланысты 2001 жылдың маусым айында кері қайтарылған болатын.

Сонымен бірге Әзербайжанда Тәжікстанның елшілігі өз қызметін бастайды. Кеше И. Әлиев Тәжікстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Закир Вазировтың сенім грамоталарын қабылдады.

Әзербайжан басшысы атап өткеніндей, екі мемлекеттік саяси, экономикалық және басқа салалары бойынша байланыстары ойдағыдай дамуда. И. Әлиев жоғары деңгейдегі кездесулер қарым қатынастарды одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне назар аударып, елші қызметінің ынтымақтастықты дамыту жолында үлес қосатынына сенім білдірді.

Елші өз кезегінде Әзербайжан мен Тәжікстан арасындағы екі жақты қатынастардың оңтайлы дамып отырғанын тілге тиек етіп, елшілік бұл бағыттағы байланыстырды одан әрі кеңейтіп нығайту үшін бар күшін жұмылдыратынын жеткізді.