"Бюрократиялық бөгеттер бар. Дегенмен Әзербайжанның Экономикалық даму министрлігі бұл бағытта жұмыс жасауда және бұның айқын дәлелі ретінде Әзербайжанда бизнесті тіркеуге алу кезіндегі "бір терезе" қағидасын қабылдауды атауға болады. Егер де Әзербайжанда инвестициялық жағдайды жақсарту жұмыстары әрі қарай жалғасатын болса, Еуропа елдері де екіжақты пайда алу үшін ақша салып, елдің адами, табиғи және басқа ресурстарын пайдаланатын болады", - деп мәлімдеді А. Ваддамс.