5137 сайлау учаскесіндегі дауыс беру шарасы таңертеңгі сағат 8 -де басталып, жергілікті уақытпен 19-да аяқталды. Сайлаушылар тізіміне 4 млн. 666 мың 070 сайлаушы енгізілді.
Республиканың орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, елде сағат 19-дағы жағдаймен сайлаушылардың 46,09 проценті дауыс берді. Бұл жолғы сайлауда дауыс беруге келген сайлаушылардың саны маңызды емес.
Сайлауға 1586 халықаралық және 57 мың жергілікті бақылаушылар қадағалады.
Ал Әзербайжандағы оппозициялық партиялардың жетекшілері сайлаудың жаппай бұрмаланғанын алға тартып билікті айыптап үлгерді. Осыған байланысты олар жақтастарын қорлық-зомбылықсыз наразылық шараларына шақырды. Оппозициялық "Азадлыг" блогы сайлауалды штабының басшысы Панах Гусейнов өткен сайлауды Әзербайжан тарихындағы ең бұрмаланған сайлау деп атады. Оның айтуынша, дауыс беру барысында 21 104 заң бұзушылық оқиғалары тіркелді. Оның ішінде полицияның сайлау процессіне араласуы, комиссия мүшелерін тұтқындау, сайлаушылардың саусағына белгі соқпау, сайлаушыларға қысым көрсету оқиғалары жиі кездескен.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті