Әзербайжандағы Қазақстан Республикасының елшісі Әзербайжан Республикасының сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін тапсырды

Әзербайжанның сыртқы істер министріне сенім грамотасының көшірмесін табыс ете тұрып, Серік Пірімбетов оны еліміздегі саяси, экономикалық жағдай және Қазақстанның қазіргі дамуы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Әзербайжанның екі жақты қарым-қатынасының жоғары деңгейін атап көрсетті.

Эльмар Мамедьяров өз кезегінде екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіндегі өзара қарым-қатынасты жалғастыра беру және кеңейте түсу қажеттігін айтты. Жаңа салалардағы ынтымақтастықты дамыту және елшінің осы саладағы тиімді жұмысын іске асыру маңыздылығын атап көрсетті.

"Кездесу барысында, сондай-ақ, аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық, аймақтық жобаларға қатысу, Каспий теңізін делимитациялау және өзара қызығушылық тудырып отырған тағы да басқа мәселелер бойынша пікір алмасылды", - деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігі.