Әзербайжандық байқаушылар сайлау барысына көңілі толатындығын білдірді

Әзербайжандық делегация таңғы сағат жетіден бері үш округтегі 10-нан астам учаскеде болды. "Біз бірде-бір учаскеде сайлау нәтижесіне ықпалын тигізетіндей қандайбір заң бұзушылықты байқаған жоқпыз. Біз сайлаушыларға қысым жасау оқиғасын байқаған жоқпыз. Жалпы ауан өте тыныш екен деген әсер алдық", - деді М. Панахов.

Келген өкілдер құрамында үш адам бар: Әзербайжан милли меджилисіндегі "Әзербайжан - Қазақстан" депутаттық тобының жетекшісі Фархад Гарибов, Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының халықаралық қатынастар департаментінің директоры Ровзат Гасымов пен Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті