Министрдің хабарлауынша, бұл келісімге 2008 жылдың 19 шілдесінде Әзербайжанның Байланыс министрлігінің делегациясының Түркияға сапары барысында қол жеткізілген.
Жоба құны - 80-100 млн АҚШ доллары. Ол 3-5 жылда ақталады деп жоспарланып отыр. Жер серігі 15 жыл пайдаланылады деп есептелген. Әзербайжан өзінің байланыс жер серігінің ресурсының 20 - 25 пайызын ғана пайдаланып, қалғанын шетелдік операторларға сатуды көздеп отыр.