Әзербайжанның Дюбенди терминалынан Қазақстан мен Түрікменстаннан мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшері 2004-жыл қорытындысы бойынша 3 млн. тоннаны құрамақ

А.Гоозалдың айтуынша, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 20 процентке артық. 2005-жылы мұнай тасымалдау көлемі биылғы деңгейден 20 процентке өсіп, 3,3 млн. тоннаны құрамақ.

А.Гоозалдың айтуынша, 2002-жылдың сәуір айында Дюбенди терминалын сатып алғаннан кейін Middle East Petrol компаниясы терминалдың резервуар паркін 2 есе ұлғайтып, оның көлемін 260 мың тоннаға дейін жеткізді. Бұл мақсатқа 10 млн. доллар жұмсалды.
Сондай-ақ, Azersun Holding компаниялары тобының президенті өз компаниясының Каспий аймағы елдеріне Әзербайжан қантын экспорттаудан мүдделі екенін хабарлады. Оның айтуынша, бүгінге дейін Ресей мен Түрікменстанға қант беру туралы келісім-шартына қол қойылды, алдағы уақытта бұл өнім түрін Иранға да шығару көзделіп отыр. Бұл бағытта Қазақстанмен де келіссөздер жүргізілуде деді ол. Жалпы алғанда, Azersun Holding компаниялары тобы жылына 120 мың тонна қант экспорттай алады.
Azersun Holding компаниялары тобы 1992-жылы құрылған, ол азық-түлік өнімдері, оларға арналған қораптар мен басқа да тауарларды шығаруға маманданған. Бүгінде бұл холдинг Әзербайжан экономикасына 100 млн. доллардан астам инвестиция енгізді.