Әзербайжанның Министрлер кабинеті Қазақстанға келген кездегі бір тәуліктегі іссапар шығындарын 130 АҚШ доллары көлемінде белгіледі

Үкіметте атап көрсеткендей, шығындар қонақ үйге, байланысқа, қала ішіндегі көлікке (таксиді есептемегенде) және қорекке кеткен шығындарды қамтиды. Жаңа нормативтер күшіне 2008 жылдың 1-наурызында енеді.

Сонымен бірге, нормативке сәйкес, ТМД елдеріне іссапарға шыққан кездегі тәуліктік шығындар былай бекітілді: Ресей - 150 АҚШ доллары (Мәскеу мен Санкт-Петербург - 240 АҚШ доллары), Украина - 160 АҚШ доллары (Киев - 210 АҚШ доллары), Тәжікстан - 140 АҚШ доллары (Душанбе - 160 АҚШ доллары), Өзбекстан - 100 АҚШ доллары (Ташкент - 160 АҚШ доллары), Беларусь - 140 АҚШ доллары (Минск - 180 АҚШ доллары), Молдова - 110 АҚШ доллары (Кишинев - 150 АҚШ доллары), Қырғызстан - 130 АҚШ доллары (Бішкек - 160 АҚШ доллары), Грузия - 140 АҚШ доллары (Тбилиси - 155 АҚШ доллары), Түркіменстан - 95 АҚШ доллары (Ашхабад - 130 АҚШ доллары).

Ал Ұлыбританияға сапар шегіп жатса, тәулігіне 170 фунт (Лондонда - 190) стерлинг жұмсауына рұқсат. Австрия, Италия - 185 евро, Германия - 225 евро, Франция - 205 евро, Испания - 200 евро, Түркия - 150 евро (Анкара - 165 евро).

АҚШ-на іссапар кезінде тәуліктік іссапар шығындары 330$ (Нью-Йорк - 350$) теңестірілді. Аргентина - 195$, Бразилия - 225$, Канада - 190$, Мексика - 165$, Сауд Арабиясы - 165$, БАӘ - 235$, Иран - 160$, Қытай - 185$, Оңтүстік Корея - 245$.

Нормативке сәйкес, Конституциялық, Жоғарғы Сот төрағалары, вице-премьерлер, бас прокурор, омбудсмен, Есеп палатасының төрағасы, парламент депутаттары, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, сондай-ақ, өзге де басшы қызметтегі мемлекеттік қызметкерлер тәуліктік іссапар шығынына 50% үстемақы алатын болады. Ал мемлекеттік қызметкерлердің өзге тобы тәуліктік нормативке 25 - 30 % үстемақы алмақ.