Әзербайжанның президенті Қазақстан және Беларусь елімен арадағы бірқатар үкіметаралық келісімдерді бекітті

Атап айтқанда, Әзербайжан мен Қазақстанның біріккен мәлімдемесі, "Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық саладағы кооперациялары туралы" үкіметаралық келісімі мен "Сотталған тұлғаларды жазасын өтеуге жіберу туралы" келісім-артқа өзгерістер енгізу туралы хаттамалары бекітілді.

Аталмыш құжаттарға И. Алиевтің 2007 жылдың 7-тамызында Астанаға келген ресми сапары барысында қол қойылып, елдің милли меджлисінде (парламентінде) 2007 жылдың 19-қазанында ратификацияланған болатын. Сонымен қатар, Әзербайжан Республикасының президенті Беларусьпен арада қол қойылған бес үкіметаралық құжатты бекітті. Бұлар, атап айтқанда, "Достық және ынтымақтастық туралы", "Әзербайжанда уақытша жұмыс істеп жүрген Беларусь азаматтарының, және Беларусь елінде уақытша жұмыс істеп жүрген Әзербайжан азаматтарының еңбек қызметтері және оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Құпия ақпараттарды өзара сақтау туралы", "Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы", "Карантин және өсімдікті сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы" келісім шарттар.

Бұл келісімдерге Белоруссия Республикасының президенті Александр Лукашенконың 2-мамырда Бакуге барған ресми сапары барасында қол қойылып, милли меджлисте 2007 жылдың 1-қазанында ратификацияланған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті