"24 ақпанда Каспий теңізінің түбінен оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде апатқа ұшыраған Әзербайжан әуе күштерінің МиГ-29 ұшағының қаңқасы мен екі ұшқыштың мәйіттері шығарылды ", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2008 жылдың 29 қаңтарында оқу жаттығуларын орындап жүрген МиГ-29 әскери ұшағы Бакуге жақын жерде теңізге құлап түскен. Ұшақтың апатқа ұшырауына және экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты Әзербайжанның әскери прокуратурасы ұшу техникасының қауіпсіздігі сақталмағандығынан туындаған адамдардың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғады.