"2008 жылдың басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2008 жылдың қаңтар - шілде айларында Әзербайжанның валюталық резерві 2 есеге өсіп, 1 тамыздағы мәлімет бойынша 14 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Жалпы алғанда соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 8,8 есеге өсті", - деді С. Шарифов.
Министр сондай-ақ, соңғы 5 жылда елдегі орташа айлық жалақы 3,3 есеге - 250 манатқа дейін, орташа зейнетақы мөлшері 3,4 есеге - 80 манатқа дейін, халықтың ақшалай табыстары 4,1 есе - 9,041 млрд манатқа дейін, ал ең төменгі жалақы мөлшері 10,9 есе - 60 манатқа дейін өскендігін хабарлады. Банктер мен сақтандыру компанияларының жиынтық активтері осы уақыт ішінде 9 есе - 8,5 млрд манатқа, ал халықтың банктердегі салымдары 8,3 есе - 1,603 млрд манатқа өскен.
Қаржы министрлігінің болджамдарына сүйенсек, Әзербайжанның валюталық резерві 2009 жылы 20 млрд АҚШ долларына жетуі ықтимал.
1 АҚШ доллары 0,8093 манатқа тең.