"Үкіметаралық комиссияның әзербайжандық бөлігінің құрамын бекіту туралы шешім 2007 жылдың 15-наурызында Душанбе қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Әзербайжан мен Тәжікстан үкіметтері арасында қол қойылған келісімнің 8-пунктіне сәйкес қабылданды", - деп атап көрсетті ӘР президентінің әкімшілігінде.
Өкім мәтініне сәйкес, комиссия төрағалығына экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев тағайындалған. Комиссия құрамына бірқатар министрлердің орынбасарлары мен Шетелдерде тұратын әзірбайжандықтармен жұмыс жүргізетін мемлекеттік комитеттің басшысы, министрлер кабинеті аппаратының ТМД елдерімен экономикалық байланыс бөлімінің меңгерушісі Кямал Исмаилзаде және Әзербайжанның Тәжікстандағы елшісі Магеррам Алиев енді.
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігіне аталмыш шешім туралы Тәжікстан жағына хабарлау міндеті жүктелген.