Әзербайжан-түркімен үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы 17-қаңтарда Ашхабадта болуы тиіс

"Отырыс барысында экономика, банк секторы, энергетика, сауда айналымының өсімі, гуманитарлық жобалар мен өзге де мәселелер талқыланатын болады", - деп атап көрсетті Сыртқы істер министрлігіндегілер.

Әзербайжан делегациясын комиссияның тең төрағасы болып табылатын Әзербайжанның бірінші вице-премьері Я. Эйюбов басқарады. Ал қарсы тарапты Түркіменстанның премьер-министрінің орынбасары Х. Сапаралиев басқармақ.

Отырыс қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады