Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясындағы ақпарат көзінің Бакудегі KZ-today тілшісіне хабарлауынша, 10 жылдық ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қарастыратын бұл ұсыныс Azeri Fugro кәсіпорнына тиімді, бірақ оны қабылдау үшін кәсіпорынның шетелдік құрылтайшысы Fugro кәсіпорнының келісімі қажет. Осындай себепке байланысты Қазақстандық компанияның атауы жария етілмей отыр. Ақпарат көзінің хабарлауынша, бұл мәселе Azeri Fugro бірлескен кәсіпорны директорларының кеңесі отырысының күн тәртібінде талқыланатын негізгі мәселелердің бірі. Отырыс биылғы жылдың желтоқсан айында өтеді.
Azeri Fugro бірлескен кәсіпорны Каспий теңізінде көмірсутегі шикізатын өндіруге қажетті (теңізде де, құрғақта да барлау жүргізуге) мұнай өнеркәсібі үшін қоршаған ортаны қорғауға байланысты геологиялық қызметтер мен жұмыстар түрін, зерттеу жұмыстарының толық жинағын ұсынады. Компанияның соңғы 4-5 жылдағы негізгі жұмысы Каспий теңізінің Әзербайжанға қарасты бөлігіндегі шетелдік компаниялар игеріп жатқан түрлі келісімді учаскелерде теңіз түбіндегі геотехникалық зерттеулер жүргізуге бағытталды. Бұл жұмыстар барлау мақсатындағы ұңғылар мен болашақта мұнай өндіруші платформаларды орналастыру орнын анықтау үшін атқарылды.
Azeri Fugro бірлескен кәсіпорнына тапсырыс берушілер арасында BP ("Азери-Чыраг-Гюнешли" келісім-шарты блогы, "Шах Дениз" кеніші), "Кюрдаши" (Agip Azerbaijan B.V. операторы), "Атешгях-Янан-Тава-Мугань-Дениз" (оператор Japan Azerbaijan Operating Company) бар.