Әжетхана оған кірейін деп тұрғандардың көз алдында қирап қалды

Төтенше жағдай Таушық ауылына жақын жерде болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Жол жиегіндегі дәретханаға көліктегі балалардың барғысы келіпті. Кішкентай ұл мен қыз опырылған нысанның екі кабинасына кірмек болған. Абырой болғанда, олар қайғылы жағдайдан аман қалды. Яғни балаларды қиранды астында қалудан санаулы секундтар ғана құтқарған.

Көлік дәретхана қасына жақындай бергенде ол өз-өзінен қирай бастапты. Оқиға куәгерлері бұл жағдайға нөсер жауынның себеп болуы мүмкін екенін айтады. Ал құрылыс сапасына жауаптыларды енді жергілікті билік өкілдері анықтамақ.