Өзбекстан елінің тумасы Махмуд Батыровтың бауыр езілген. 46 жастағы жігіт аптасына бірнеше мәрте гемодиализ қабылдауға мәжбүр. Бүгінде өмірге деген құлшынысымен Стамбулға жетті. Бұндағы сапалы ем-дом жайында туған-туыстарынан естіп, енді операция жасатуға бекінген.
Махмұд Батыров, науқас:
- Емделу үшін Одессаға барғанмын, онда бүйректі алмастыра алмаймыз деді. Ал мында таңқалғаным бірден жұмысқа білек сыбана кірісіп кетті. Тек донор тапсаңыз болғаны деп ескертті, сол үшін Стамбулға туған әпкемді ерте келдім.
Махмұд сынды талайға үміт отын ұялатып, болашаққа сеніммен қарауға себеп болған бұл – Ажибадам ауруханасы. Түркияда іргесі қаланған орталықтың 16 клиникасы, 9 емханасы бар. Халықаралық деңгейде қызмет ететін ауруханада әлемнің түкпір-түкпірінен келіп емделушілер жетерлік.
Кез-келген операцияның қиындығына қарамастан дәрігерлер барын салады. Сынықшы, лор, невролог дейсіз бе, медицинадағы бар сала бойынша қызмет етеді.
20 жылдан аса жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетіп келген «Ажибадем» орталығы заманауи техникалық барымен қамтамасыз етілген. Мәселен, мына құрылғы өздігімен ота жасай алады. Әлем бойынша 540 данасы бар, оның 80-і Түркияда. Ақ халаттылар құрылғының қымбаттығына қарамастан 5 жылда бір мәрте ауыстырып тұрамыз дейді
Соңғы үлгідегі аппараттарды аурухананың әр дәрігері жіті меңгерген. Компьютер көмегімен басқарып, оталарының басым бөлігін осымен тәмамдайды.
Айдын Юджетюрк, ортопед-хирург:
- Бұл бөлімде ауыр операциялардың кез-келген түрі жасалады. Өзім ортопед хирургы болғандықтан, осы салаға жеке тоқталайын. Сүйектің шығуын айтпағанда, сынуы мен үгітіліп кеткенін де қалыпқа келтіре аламыз.
27 мыңнан аса қызметкері бар «Ажибадем» ауруханасы күн-түн демей науқастарды қабылдай береді. Тән мен жан саулығының амандығына қатар назар аударып, оның жүйелі түрде жұмыс істеуіне кепілдік береді мамандар.