Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Ажырасамын, болды, шыдай алмаймын. Депрессия, стресс. Шаршап кеттім. Әйелім баланы алып кетіп қалды. Үйде анам екеуміз қалдық. Не істесем болады", - деп бір бауырымыз хабарласты. Мен енді психолог емеспін. Небір жайттар басымнан өткенін өздеріңіз білесіздер. Сол бауырыммен 10-15 минуттай әңгімелестім. Жақында "Ажыраспадым. Әйелім екі қабат. Атын Жахан деп қоямын" деген хабарлама келді. Қатты қуанып кеттім. Бауырым үшін қуаныштымын. Ең басты кайф деген басқаларға жақсылық жасаған екен", - деді Жахан Отарғалиев.