Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Заңды неке бұзылған күні кешегі ерлі-зайыптылар бір-біріне ата жау. Кім мықты сол әлсізді түйрей береді. Ұрады, соғады, бопсалайды, кемсітіп-қорлайды (алысқа бармай-ақ Жақсыген мысал). Өзінің күші жетпей жатса, туған бауыр, әкпе, туыстарын ортаға салады. Егер, ажырасқан күйеу жақта стерва қайын әпке (сіңілі) болса бітті дей беріңіз. Сотта жеңгенімен психологиялық 70% сынып қаласыз. Олар бауыры ажырасқан әйелді кәдімгідей травить етеді, жүрген-тұрған, барған-кигенін. Бұл травля сіз қартайғанша қыр соңыңнан қалмайды. Әдетте, ажырасуды минус санап жеңілдім дейтін еркектер бұрынғы әйелінің қыр-соңынан қалмай аңдуды бастайды. Енді қауіпті сталкинг басталады. Сталкингке қарсы заң бар қазір, дегенмен оған жүгінгенше экс күйеуінен (жігітінен) жапа шеккедер қаншама.
Егер, ажырасқанда арада ортақ бала болса бұл нағыз қазақша соғыс. #даудамайсыз бағдарламасында талай отбасылық төбелес ортасынан баланы алып заңды өкілге бердік. Баланы бөлу дегенді біздікілер тура мағынасында екі қолынан екі жаққа тартып, қақ бөлу деп түсінеді. Бұл видеоны маған 100-деген оқырманым жіберіпті. Екі жақтан жұлмалаған баланың денесі емес жүрегі қақ бөлінді ғой???
Хош, ата-анасы бір-біріне жау, ақымақ екен дейік. Кәмелет жасқа толмаған екі баланы осындай жағдайға жеткізіп құзырлы өкілдер не қарап тұр? Бұл тулақтай тартатын тері емес бала ғой”, - деп жазды журналист.