"Ажырасты ма?": Жұлдызай Дүйсекеева күйеуіне бақыт тілеген жазба қалдырды

Халық Жұлдызайға түрлкі жұбаныш сөздерін жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүрген Жұлдызай Дүйсенбиева дүниеге Аянаттан басқа перзент алып келе алмайтынын сұхбаттарында айтып жүрген.

Енді отбасына қатысты мынадай жазба қалдырып отыр:
“Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де”, – деген ол. 

Бұған желідегі жұрт Жұлдызайдың сөздеріне қарап "олар ажырасып кетті" деген тұшымға келіп жатыр.  "Ең бастысы ұрпағыңыз бар. Ер бала ұрпақ жалғастырады дейтін шығар. Бірақ, шырағыңды жағатын, басыңды төрде биіктететін ұл ма қыз ба Аллаға аян", "Мойымаңыз", "Қалай ажырасты? Арада қыз бар ғой", "Ұл туып бере алмағаны себепші болып тұр ма?", деген сынды пікірлерін жазуда.