Ажырасу кезінде ипотекаға алынған пәтер бөліске салына ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокаттың айтуынша, некені бұзу кезінде мүліктер ғана бөліске түспей, ортақ қарыздар мен міндеттемелер де бөлінуі мүмкін. Егер пәтер некеде тұрғанда сатып алынса, ол ортақ мүлік саналады және екіге бөлінеді.

Альбина Бахтиярқызы сондай-ақ мүлікті бөлу және банк алдындағы ипотекалық міндеттеме - екі түрлі ұғым екенін алға тартты. Ипотекасы бар ерлі-зайыптының ажырасуы әдеттегі ажырасудан ерекшеленеді, өйткені брінші жағдайда үшінші тарап - банк бар.

"Кез келген мүлік қолма-қол алынса да, ипотекаға алынса да, ерлі-зайыптының ортақ мүлкі саналады. Тағы бір назар аударатын жайт - міндеттеме. Біріншіден, егер неке шарты болмаса және ипотеканы жұбайы рәсімдесе, онда, тиісінше, міндеттеме күйеуіне жүктеледі. Яғни банк міндеттемені тек жұбайынан өтеуді талап етеді. Немесе керісінше", - дейді Альбина Бахтиярқызы.