Бұл туралы ол Instagram stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Бүгін сіздерге жеке өмірімдегі жаңалықты айтатын уақыт келді. Көпшілігіңіз байқап та жүрген шығарсыздар. Кейінгі бірнеше ай бой күйеуіңіз Мағжан қайда, ажырасып кеттіңіздер ме деп сұраушылар көбейді. Ия, сіздердің болжамдарыңыз дұрыс. 4 қазан күні біз ресми түрде ажырастық. Шешімді екіжақты қабылдадық. Ешкім ешкімді тастаған жоқ, бұл қадамға саналы түрде келдік. Мағжан менің жақын адамым болып қала береді. Бір бірімізге жақын адам болғанымызбен, отбасы ретінде тіл табыса алмадық. Ажырасу - кіші өлім деген сөзді енді түсініп жатырмын. Жақының қайтыс болғаннан кейінгі ауыр қайғы осы шығар”, - деп жазды ол.