"Ажырасуға барып қалып жүрміз": Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлімен неге дұрыс болмай жүр?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші кең үй салып жатқанын оқырмандарынан жасырмады. Үй салу, жөндеу жұмыстары кезіндегі қызықты әрі келеңсіз жайттармен бөлісті. 

"Демалғым келеді, Стройка жібермейдііі - деген сурет болып тұр.Биылғы жаздың қалай өте шыққанын да білмей
қалдық. Әне-міне дегенде оқу басталады. Жөндеу жұмыстары, көшу-қону деген оңай емес екен.
Салмағын бір адамдай сезініп жатырмыз. Бұрын біреу әзілдеп айтып еді: Ремонт біткенше
жолдасыңмен бірнеше рет ажырасып қосыласың, - деп...Сол демекші отағасымен кейде барып- барып
қаламыз да, кері қайта қоямыз.
Орекеңедер мұны “Приятные хлопоты” дейді, бала-шағамен
алаңсыз өсіп-өнетін үй болсын деген тілек қой біздікі. Арасында баратын жерлеріміз бар, сөйтіп
жүргенде жаздың соңғы айына да жетіп қалыппыз. Уақыт қандай жүйрік", дейді. 

Жылда жазда балаларын теңізге апарып, денелерін тұзға пісіріп, арнайы уақыт бөлетінін тілге тиек етті. 

Әншінің айтуынша, балалары суға түсіп, демалуға үміттерін үзбей жүргендерін айтты. Өнер иелері әзірге оған уақыт таппай жатыр.

"Үй салғанға бола ажырасып кетпеңіздер, бәрі жақы болады", "Әйтеуі байлықтарын айтып қалады, өзіміз үйсіз жүрсек", "Демалу керек, сіздер үлгілі отбасысыздар" деп жазды оқырмандар.