Аяқ доп шебері бір ұлдан кейін қызды болған, деп хабарлайды Stan.kz.
Футболшының жары Еркежан Талғатбекова қуанышты жаңалығымен желіде бөлісті. Ол 9 қаңтар күні босанған.
“Біздің кішкентай ханшайым. 09.01.2019. Сағат таңғы 8.15-те мен екінші рет ана атандым. Бұл қандай бақыт, Әлхамдулиллях. Біздің әлемге қош келдің”, – дейді Еркежан.
Жаңа туған нәрестеге Амели есімі берілген.
Айта кететін жайт, желі қолданушылары Бауыржан мен Еркежанның ажырасып кеткенін жазуда. Олар екі баланың ата-анасы атанған жұптың бірге болуын тіледі.
“Қызыңыздың бауы берік болсын, не болса да 2 балаңыздың анасы, барлық жақсылықтарды тілеймін”, – деп жазды оқырмандардың бірі.
“Қызыңыздың бауы берік болсын, шын жүректен Еркежанмен бірге болғаныңды қалаймын. Бұрынғыдай бірге болыңыздаршы”, – дейді екіншісі.