"Ажырасып кетті дейді": Қайрат пен Жұлдыз желіде бір-бірін өшіріп тастаған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы.

Қайрат пен Жұлдыздың оқырмандары соңғы уақытта олардың бірге уақыт өткізбейтіндерін, тіпті бір-бірлерін өшіріп тастағандарын байқаған.

Сондай-ақ, жұлдызды әулетте жаңа сәбидің толығуымен өткен кеште Жұлдыз Әбдікәрімова бой көрсетпеген. 

Жұлдыз Қайрат Нұртасты ғана емес, енесі Гүлзира Айдарбекованы да өшіріп тастағаны белгілі болды.

"Қайрат Жұлдыз екеуіңді халық бірге көргісі келеді. Бақытты отбасы болыңдар", "Жұлдыз көрінбейді,шіллеханада тоже болмады", "Ажырасып кетті дейді. Рас пе екен?", "Жұлдыз жоқ қой, ол анасын киіндірумен әлек", - деп жазды желі оқырмандары. 


Алайда, Қайрат Нұртас та, Жұлдыз Әбдікәрімова да бұл жағдайға байланысты ешқандай пікір білдірген жоқ.