Азиада-2025: Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының сапында Тилсимай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова, Регина Эбауер өнер көрсетті.

Топтық кезеңде отандастарымыз Тайбэй құрамасымен кездесті. Қазақстандықтар қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 0:14 есебімен жеңіске жетті.

Келесі матч Астана уақытымен сағат 16:00-де Қытай құрамасына қарсы болмақ.