Оған Қазақстаннан -6 , Жапониядан -2, Қытайдан -1, Кореядан -2 спортшы қатысуда. Спортшылардың өнері - секіру қашықтығына және оның әдемі орындалуына байланысты бағаланды. Оған 5 төреші 20 баллға дейінгі орындау стилі және арнайы кесте бойынша секірудің қашықтығына баға береді.
Қысқы Олимпиада бағдарламасына шаңғымен тұғырдан секіру 1924 жылы енгізілген болатын. Онда спортшылар - орта және үлкен тұғырдан жекелей, ал үлкен тұғырдан командалық жарыс өткізіп 3 медальдар топтамасын сарапқа салады. Жарыстың бұл түрі 2007 жылы Чанчунда өткен 6-қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енбей қалған болатын.