Бүгін Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетінің құрама командасы Бахрейнмен Моңғолия - Қырғызстанмен кездеседі. Тайланд пен Куәйт командалары өзара сынға түспек.
Премьер-дивизион санатындағы аталған үш ойынның ішінде Моңғолия мен Қырғызстанның кездесуі қызықты өтеді деген болжам бар. Себебі аталған екі команда бұған дейінгі кездесулерін жеңіспен аяқтады. Қырғызстан Тайланд пен БАӘ-ның хоккейшілерін айқын басымдықпен жеңсе, Моңғолия құрамасы Куәйт командасын ұтқан болатын.