АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті

Алғашқы күннің жарыс нәтижесі бойынша 68,36 ұпай жинаған қытайлық жұп Пан Син мен Тон Цзянь бірінші орынға орналасса, олардың отандастары Суй Вэнцзин мен Хань Цун 59,22 ұпаймен екінші орында тұр.

Алғашқы үштікті 53,60 ұпаймен Солтүстік Корея спортшылары Ли Джи Хан мен Тэ Вон Хок тұйықтады.

Қазақстандық жұп - Лидия Вовленко мен Владимир Руди жарақат салдарынан жарыс алаңына шыққан жоқ.


Айта кетейік, 5 ақпан күні аталмыш жұптардың жарысы жалғасып, олар еркін бағдарламада өнер көрсететін болады.