АЗИАДА: Қазақстан спортшылары жалпы командалық есепте бірінші орында келеді

Бұл туралы ҚазАқпарат Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түскі сағат 13.00-ге дейін Қазақстанның ұлттық құрамалары қоржынға барлығы 16 медаль салды. Оның 6 -уы алтын, 5 - күміс және тағы 5- қола медальдар.

Қазақстанға алтын жүлделерді : спринтерлік жарыстарда - Ольга Новикова, шаңғымен шапшаң түсуде - Дмитрий Кошкин, могулден - Дмитрий Рейхерд пен Юлия Галышева, жеке спринтерлік жарыста - Алексей Полторанин және шаңғымен бағдарлау жарысында Михаил Сорокин сыйлады.

Қазақстаннан кейінгі екінші орында жапондық спортшылар келеді. Олардың қоржынында әтүрлі құндылықтағы барлығы 6 медаль (2 - алтын, 3 - күміс, 1 - қола) бар .


Үшінші орында екі медальмен - Қытай, төртінші және бесінші орындарда бір-бір медальдармен Корея және Моңғолия спортшылары келеді.

Айта кетейік, 7-қысқы Азия ойындарында 27 мемлекеттің ұлттық құрамалары бақ сынауда. Ойындар спорттың 11 түрінен өтуде. Оның 7-уі - Алматыда, 4- Астанада өтеді.