Азиада: спортшыларға 300-ге жуық допинг-тест жүргізіледі

«Қазақстан талдауларды жүргізу үшін аккредитацияны алғанын айтқым келеді. Бұл допинг-қадағалау тестілерін жүргізетін зертхана», - деді ол.

М.Джэгатэсанның айтуынша, зертханалар Астана мен Алматы қалаларында орналасқан және Ойындар аясында спортшыларға барлығы 300-ге жуық допинг-қадағалау тестісі жүргізілетін болады.

Сондай-ақ АОК өкілі, спортшыларға медициналық жәрдем алуға жасалған жағдайлар үшін Қазақстанның Ұйымдастыру комитетіне алғысын білдірді.