Азиада: Тараздағы алау эстафетасын Жамбыл облысының әкімі бастайды

«Алматыдан кейін Тараз қаласы 2011 жылғы Азиада ойындарының Алау эстафетасын қабылдайтын республика қалаларының алғашқысы болады, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында Жамбыл облысы Спорт және туризм басқармасының бастығы Бахтияр Артаев. - Таразға Алау 12 қаңтар күні кешке жеткізіледі, ал 13 қаңтарда біздің ежелгі қаламыздың көшелерінде 60 шырақшы қатысатын Алау эстафетасы басталады».

Б.Артаев нақтылағандай, эстафетаға қатысушылар арасында - жамбылдық спорт ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі спортшылар, спорт меценаттары, қазақстандық мәдениет жұлдыздары бар.


Азиада-2011 алауын Тараз жерінде қазақстандық спорт жұлдыздары Ислам Байрамұқов, Болат Ниязымбетов, Болат Жұмаділов алып жүреді.