Іс соттың қарауына берілді.
Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, А.Мусин 2009-2010 жылдары кәсіпкерлікпен заңсыз айналысып, «Q-service» ЖШС-не түрлі келісісшарттар бекіту барысында жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп отырған. Сонымен қатар, жалған кәсіпорынның есеп-шоттарын пайдалана отырып, жобалық-сметалық құжаттарда бағаны бірнеше есе өсіріп көрсеткен. Салдарынан мемлекеттен бөлінген 800 млн теңгеден астам қаражатты жымқырып, оның бір бөлігіне қымбат жылжымайтын мүлік пен көліктер сатып алған көрінеді.
Тергеу барысында А.Мусиннің 70 млн теңгеден астам мүлкі тұтқындалған.