Азиада-2011 дирекциясының лауазымды қызметкері бес жыл алты айға сотталды

Сот А.Мусиннің мүлкін тәркілеп, өзін 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет.

Сонымен қатар, сот оның төрт жыл бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқаруына тыйым салды.

Баспасөз хатшысының айтуынша, А.Мусин алаяқтық, заңсыз жолмен алынған қаражат пен мүлікті заңдастырды, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысты деп танылды.